«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 01.10.2025ж күні Қарттар күні және Отырар ауданының 90 жылдығына орай Ауыл әкімшілігімен бірге мерекелік іс-шара өтілді. Атап айтар болсақ, сағат 09.00 – де Отырар ауданының ауыл окруктері қариялары арасында Аудандық спорт клубымен бірлесе Шахматтан жарыс өтілді. Жеңімпаз қариялар Мақтау грамотасы және сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңы мектептің АКТ залында «ҚАРИЯЛАР – АСЫЛ ЖАНДАР» тақырыбында мерекелік бағдарламаға ұласты. Сонымен қатар, Отырар ауданының құрметті азаматы Бейсенбай Бекжан Кәленұлының «Аңыз бен ақиқат» (Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған) тарихи кітаптың тұсау кесу рәсімі өтілді.





