С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" кмм

Түркістан облысы. Отырар ауданы. «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.03.2026 жылы «Цифрлық сауаттылық» апталығы аясында «Қауіпсіз бала – адал ұрпақ» тақырыбындағы мектеп жобасының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетті дұрыс әрі жауапкершілікпен қолдану мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ адалдық пен цифрлық этиканы насихаттау. Ашылу салтанатына директордың АКТ орынбасары Г.Токсанбаеваның ұйымдастыруымен, информатика пәнінің мұғалімі Н.Сатыбалдиев және зертханашылар мен оқушылар қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу және цифрлық мәдениет туралы маңызды мәліметтер ұсынылды. Педагогтер оқушыларды ақпараттық кеңістікте саналы, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.Сонымен қатар апталық аясында өткізілетін іс-шаралардың жоспары таныстырылып, оқушыларды белсенді қатысуға шақырды. Апталық барысында ашық сабақтар, дөңгелек үстел, викториналар және түрлі байқаулар ұйымдастырылмақ.Және де аталған жоба аясында «Сандық көмекші» бұрышы ұйымдастырылды. Бұл бұрыштың мақсаты – оқушыларға цифрлық технологияларды дұрыс қолдануға көмектесу және қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету. Бұрышта интернет қауіпсіздігі, кибермәдениет, жеке деректерді қорғау, пайдалы білім беру платформалары туралы ақпараттық материалдар мен кеңестер орналастырылды. Сонымен қатар оқушылар цифрлық құралдарды тиімді пайдалану бойынша кеңес алып, өз сұрақтарына жауап таба алады. «Сандық көмекші» бұрышы оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық технологияларды дұрыс және қауіпсіз пайдалануға бағытталған маңызды ақпараттық алаң болып табылады.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз интернет ортасын насихаттауға өз үлесін қосты.