Түркістан облысы. Отырар ауданы
«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігінің 22.03.2026ж күні «Жыл басы» «Қош келдің, Әз – Наурыз!» тақырыбында ауыл тұрғындарымен Наурыз мерекесі өткізілді. Мереке барысында келген қонақтарға наурыз көже тарқатылды. Сонымен қатар, ұлттық ойындар «Қошқар көтеру», «Асық ойнау», «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Бата жарысы» т.б. ойындар ойнатылды.





