Түркістан облысы. Отырар ауданы
«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігінің 19.03.2026ж күні «Жаңару күні» «ЦИФРЛЫҚ ДАМУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Наурыз мерекесіне орай, Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі барысында наурыздың 19 күні директордың АКТ орынбасары Г.Токсанбаеваның жетекшілігімен, «Жаңару күні» цифрлық даму бағытында көрме ұйымдастырылды. Жаңару күні – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта жанданатын кезеңін бейнелейтін ерекше ұғым. Бұл күн жаңа бастамаларға, өзгерістер мен дамуға жол ашады.
Цифрлық даму – ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қоғамның, экономиканың және күнделікті өмірдің жаңаруы мен жетілдірілуі.
Жаңару күні – тек табиғаттың ғана емес, сананың, технологияның және қоғамның жаңаруының символы. Цифрлық даму – болашаққа жасалған сенімді қадам.





