С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Білім шыңын бағындырған Үздіктер» марапаттау жиыны

Түркістан облысы. Отырар ауданы. «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында 20.12.2024ж аудандық пән олимпиададан облыстық кезеңге жолдама алған және жүлделі орын алған оқушыларымызды «Білім шыңын бағындырған Үздіктер» тақырыбындағы марапттау жиыны өтілді. Жиын барысында жеңімпаздарымызды құттықтау үшін Отырар ауданының білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлына және мектеп директоры Құртаева Райхан Сейтжанқызына сөз кезегі берілді. Өз сөзінде бүгін біздің баршамыз үшін ерекше күн екендігін айтты.Білімнің көкжиегін кеңейтіп, өз білімі мен қабілетін дәлелдеген пәндік олимпиада жеңімпаздарын құрметпен марапаттайтын сәтке куә болып отырмыз. Сіздерді осындай жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ел болашағы білімді жастардың қолында. "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы еліміздің әрбір жас азаматының жан-жақты дамуын, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие алуын көздейді. Бүгінгі жетістіктеріңіз – осы құндылықтарды бойға сіңіріп, біліммен, тәрбиемен және табандылықпен ұштасқан қажырлы еңбектің жемісі деп қорытындылады. Оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтап, жетекші мұғалімдерді де марапаттап, сыйлықтар тапсырылды. Жиын соңы мерекелік бағдарламаға ұласты.