Түркістан облысы. Отырар ауданы «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Тәрбие негізі-ұлттық құндылық» тақырыбында өтіліп жатқан сынып жетекшілер айлығы барысында 27.01.2025ж күні Аудандық білім бөлімінің шағын жинақты мектептерге жауапты әдіскері Ә.Кенебаевтың ұйымдастыруымен «ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында аудан көлеміндегі шағын жинақты мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына семинар өткізілді. Семинар барысында сынып жетекшілер ашық сынып сағаттары және мектеп психологының тренинг өтілді. Семинар сыныптан тыс іс-шарамен жалғасып, қорытыланды. Қорытынды кезінде келген қонақтар семинар барысына оң көзқарастарын білдіре отырып мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.