Түркістан облысы: Отырар ауданы. «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 24 желтоқсан күні Отырар аудандық білім бөлімінің 23.12.2024ж №41-10/296 хаты негізінде «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» тақырыбында жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оқушыларға кафе, тойханаларда,, ата – анасынан тыс жерлерде /заңды өкілсіз/ жаңа жылдық кешке арналған қымбат киім, сәнді шашпен, жаңа жылдық кештерді ұйымдастыруға және өткізуге тиым салынғандығы туралы және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік, оқушылардың әлеуметтік желілер арқылы жат ағымдардың арнайы сайттарына кірмеуінің алдын алуы, зорлық – зомбылық іс - әрекетінің профилактикасы тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен жиын өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді