Түркістан облысы. Отырар ауданы «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ 21.01.2025 жылы Түркістан облысы білім басқармасына қарасты білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес мектебімізде Түркістан облысы білім басқармасына қарасты білім беруді дамыту орталығының инновация жөніндегі маманы Айкозова Динара Рахматуллаевнаның ұйымдастыруымен «Lesson Study: тиімді тәжірибеден табыс нәтижелеріне дейін» тақырыбында оқыту семинары өтілді. Зерттеу сабақтарына С.Құртаев атындағы шжжббм, М.Шаханов атындағы жббм пен Қ.Мұңайтпасов атындағы жббм жаратылыстану және қоғамдық бағыттардағы пән мұғалімдері қатысты. Мектебімізде ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Абдіхадықова мен бастауыш сынып пәні мұғалімі А.Орынбайлар сабақ өтіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Білім беруді дамыту орталығының инновация жөніндегі маманы Айкозова Динара Рахматуллаевна сабақты зерттеу барысында жинақталған білім мен педагог әріптестермен Lesson Study сабағының әдістерінен кеңінен бөлісті.