С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мектептерге арналған PISA"

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты "Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы"Талдау"ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" Ақ ұйымдастырған "Мектептерге арналған PISA" зерттеуі өткізілді. "Мектептерге арналған PISA" зерттеуі-Экономикалық ынтымақтастықтың және даму ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген жоба. Зерттеу 15 жастағы оқушылардың функцианалдық сауаттылық деңгейін және қазіргі әлемде сыни тұрғыдан ойлау және өз білімдерін шығармашылықпен қолдану қабілетін бағалау. "Мектептерге арналған PISA" 2022 жылдан бастап жүргізіліп келеді."Мектептерге арналған PISA" зерттеуінің деректерін дәстүрлі бағалау бағыттары (оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылықтары) бойынша жүргізіледі.Оқушыларға РІSA тапсырмалары толық түсіндіріліп мамандармен бірлесе мектеп психологтары жұмыс жүргізді. Қазіргі таңда мектебімізде 20 оқушы "Мектептерге арналған PISA" тапсыру үстінде. Олар 9 және 10 сынып оқушылары. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!