С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Мен және менің дауысым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

2025 жылғы 06-ақпандағы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шара жоспары негізінде Түркістан облысы Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде №525 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 04 ақпан күні жоғарғы сынып оқушыларымен патриоттық тәрбие мен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Мен және менің дауысым» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Болашақ сайлаушылар тәрбие сағаты барысында сайлау заңнамаларының талаптары мен құқықтары туралы кеңінен мағлұматтар алды. Жиынға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Жубаев қатысты.