Мектеп парламенті президенті сайлауы! ![]()
Түркістан облысы, Отырар ауданы. Бүгін ,,Сейітжан Құртаев атындағы ШЖЖББМ,, КММ де парламентінің президентін сайлау өтті.
Бұл сайлау – оқушылардың өз пікірін ашық білдіруіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды шара болды.
Сайлауға 12 үміткер қатысып, өздерінің бағдарламаларын ұсынды.
Сайлауға 140 оқушы қатысып, дауыс берді.
Дауыс беру нәтижесінде 11- сынып оқушысы Жолдас Жанеля жеңіске жетіп, мектеп парламентінің жаңа президенті болып сайланды!
Жаңа президент бастаған мектеп парламенті – оқушылардың бастамалары мен идеяларын жүзеге асыратын белсенді ұйым боларына сенеміз!





