С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" кмм

Сейітжан Құртаев атындағы ШЖЖББМ,, КММ 2025 жылғы 9 желтоқсан күні “Террористік қауіптің алдын алу” тақырыбында мектепішілік оқу–жаттығу жұмыстары ұйымдастырылып, осы бойынша мектеп директорының арнайы бұйрығы шығарылды және іс-шараның орындалу жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, сағат 11:00-де мектеп ғимаратында құлақтандыру дабылы қосылып, оқу–жаттығу дабылы берілді. Дабыл іске қосылған сәттен бастап мектептің жауапты тұлғалары, кезекші әкімшілік және мұғалімдер оқушыларды белгіленген эвакуациялық бағыттар бойынша қауіпсіз аймаққа шығаруды қамтамасыз етті.