Түркістан облысы
Отырар ауданы
"Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" КММ 19.12.2025 жылы ,Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржанның қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар арасында “Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау” мақсатында “Жаңа жыл” мерекесіне орай Өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік,түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, пиротехникалық жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салынғандығы туралы түсіндірілді. Үйлерде,кафелерде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге болмайтындығы таныстырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын- алу және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Сонымен қатар, мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланып, жұқа мұзға шығудың қауіптілігі, балалардың қараусыз қалмауы, төтенше жағдайда әрекет ету тәртібі туралы кеңестер айтылды.
Жиын соңында мектеп-гимүазия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Расиллаева оқушыларға жаңа жыл кештеріне ақша жинауға тыйым салынатындығы, әлімжеттікті болдырмау,сақтық шараларын қатаң сақтау,қауіпті жағдайларды дер кезінде 102,111 номерлеріне хабарласуды, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.





