«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 01.09.2025ж күні «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында мерекелік іс-шара өтілді. Мереке мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып бүлдіршіндерін қарсы алумен басталды. Мереке мектеп директоры Р.Құртаеваның және келген ардагер ұстаздарымыздың құттықтау сөздерімен, оқушылардың ән, билерімен жалғасын тапты.





