"Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" КММ 09.01.2026 жылы Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Төлеген Нұржан және Отырар АПБ ҚҚБ УПИ инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Жанарбектердің қатысуымен 8-11 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиналыс барысында оқушылар арасында “Құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау” мақсатында Өрт қауіпсіздігі, мұз үстіндегі қауіпсіздік, түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, суицид, нашақорлық, лудомония мен діни экстремизмдердің алдын алу туралы түсіндірілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылар арасында әлімжеттілік, құмар ойындардың алдын алу қауіпсіздік қалыптастыру, төтенше жағдайлардың алдын- алу және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Сонымен қатар, мұз үстіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланып, жұқа мұзға шығудың қауіптілігі, балалардың қараусыз қалмауы, төтенше жағдайда әрекет ету тәртібі туралы кеңестер айтылды.
Жиын соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Расиллаева оқушыларға ақша жинауға тыйым салынатындығы, әлімжеттікті болдырмау, сақтық шараларын қатаң сақтау, қауіпті жағдайларды дер кезінде 102, 111 номерлеріне хабарласуды, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.





