"Сейтжан Құртаев атындағы шағын жинакты жалпы білім беретін мектеп"КММ-нің кітапханасында қазақ поэзиясының мұзбалағы -Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.
Шара барысында оқушылар ақынның өмірімен шығармашылығымен танысвп,жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқыды. Мұқағали өлеңдері арқылы Отанға деген сүйіспеншілік,анаға қүрмет,адамгершілік пен адалдық туралы терең ойлар айтылды.
Оқушылар "Үш бақытым", "Отан", "Аққулар ұйықтағанда " сынды жырларды тебірене оқып ,ақын рухына тағзым етті.
Әдеби кеш ән мен жыр, сұрақ-жауап, танымдык бөлімдермен жалғасын тапты.
Мақсат-жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттырып,ұлы ақын мұрасын насихаттау.
Мұқағали -жыры мәңгілік!





