С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" кмм

Түркістан облысы. Отырар ауданы «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 04 наурыз күні «Қыз тәрбиесі –ұлт болашағы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараға Аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ.Төлендиева, Отырар ауданының құрметті азаматтары Аудандық «Ардагерлер» кеңесі жанынан құрылған «Әжелер» алқасының төрайымы Тұрлыбек Мейрамкүл Полатқызы, аудандық «Шуақты» аналар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Байжұман Қалдан Сынабекқызы, аудандық «Әжелер» алқасы төрайымының орынбасары Белгібай Мария Имансарықызы және Отырар аудандық орталық ауруханасының психологы Тажиева Динара, акушер - гинекологы Ерден Жазира, әлеуметтік қызметкер Күдірбекова Балсая мен қатар Отырар АПБ ЖПҚб ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты З.Надирова ауыл әжелері мен оқушы қыздар қатысты. Іс-шара барысында тарих пән мұғалімі Ф.Худайбердиеваның ұйымдастыруымен «Қыздың білімі мен мансабына обасының әсері» тақырыбында дебат, МДТІЖО Қ.Расиллаева келген қонақтармен және мектеп оқушы қыздарымен «Қыз тәрбиесі –ұлт болашағы» тақырыбында коучинг, «Дәстүріміздің құндылықтары арқылы қыз тәрбиесі» тақырыбында пікірталас өткізді. Келген қонақтар мен оқушы қыздар арасында «АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ аясында қыз бала тәрбиесінің ұлттық құндылықтар негізіндегі маңызын түсіндіру, ата-ана, мектеп және қоғамның бірлескен жауапкершілігін айқындау мақсатында жұмыстар жүргізілді.