С.Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп" кмм

«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 05.09.2025ж күні 7-11 сынып оқушыларымен жиын өткізілді. Жиын барысында Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ-ның полицция лейтенанты Н.Төлеген «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық және нашақорлық, лудомония мен буллинг (зорлық зомбылықтың) алдын алу шаралары туралы» тақырыбында әңгіме қозғады. Кәмелетке толмағандар тарапынан туындайтын қоғамға қауіпті әрекеттердің көбейе түсуі- күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселенің бірі болып отыр. Құқықбұзушылық пен зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары бойынша рейдттер жүргізіліп, рейд кезінде ұрлық жасап тіркелген, түнгі уақытта бос сенделіп жүрген, тойхана кафелерде, мойкаларда, ойынханаларда жалданып жұмыс істейтін оқушылар тіркеуге алынып, іс қозғалатынын айтылып, ескертті.