Түркістан облысы. Отырар ауданы
«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 06.03.2026ж күні «Анаға құрмет» тақырыбында 8 наурыз Халықаралық аналар күні мерекесіне орай ауылдың ардақты аналары мен мектептің ардагер ұстаздарын мерекелік іс-шара өтілді. Іс-шара барысында Мектеп директоры Р.Құртаева мен Ауыл әкімі Б.Орынбасаровтар құттықтау тілектерімен қатар аналарға деген сыйлықтар берді. Іс-шара оқушылардың мерекелік бағдарламасымен ұласты. Аналар өз ризашылықтарын, алғыстарын білдірді.





