«Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «АДАЛ АЗАМАТ» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11.09.2025ж күні 7-11 сынып оқушыларына «Қауіпсіз балалық шақ үшін» тақырыбында жиын өтілді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған:
лудомания (құмар ойынға әуестік),
Діни экстремизм,
нашақорлық,
ерте жүктіліктің алдын алу,
буллинг тақырыптары жан-жақты түсіндіріліп, зиянды әдеттердің салдары мен жауапкершілігі туралы маңызды ақпарат берілді.
Шара барысында оқушыларға дұрыс таңдау жасау, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.
Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіп-қатерден сақтандыру және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу туралы айтылды.





