Түркістан облысы. Отырар ауданы. «Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» КММ «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында Мектебімізде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» тақырыбында мектепішілік семинар өткізілді. Мектеп директоры Р.Құртаева мектепішілік семинарда бағдарламаның мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру, ал міндеттері: рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту, парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру, білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау екендігіне тоқталып кетті. МДТІЖО Қ.Расиллаева бағдарламада көрсетілген құндылықтар жүйесін педагогтер сынып сағаттарын мақсатты түрде жоспарлауда және күнделікті сабақ мазмұнына кіріктіруде қолдану тәсілдері, білім алушылардың бойына құндылықтарды дарытуда және олардың табысты әлеуметтенуіне, зияткерлік және тұлғалық дамуына, білім, білік және дағды түрінде ұсынылған жүйесі білім беру ұйымында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда және сынып сағаттарын жоспарлауда қалай қолдану қажет екендігі туралы әдістемелік нұсқаулықтар берілді.